ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Букмекер №1 в Казахстане
Лучшее приложение 2025*
Самый надежный букмекер
Онлайн-букмекер №1
Лучший букмекер 2025*
Новый казахстанский букмекер

Кантеден Кимпембеге дейін. Жарақатына байланысты Әлем чемпионатына бармайтын дүлдүлдер

20 қараша күні футболдан 22-ші Әлем чемпионаты жалауын желбіретеді. Алайда жаһанның барлық жарық жұлдыздары Катарда бас қоса алмайды. Meta-ratings.kz тілшісі турнирге жарақатына байланысты бара алмайтын ойыншылардың тізімін дайындады.

ОйыншыҚұрамасыКлубы
Нголо КантеФранция«Челси»
Диогу ЖотаПортугалия«Ливерпуль»
Джорджиньо ВейналдумНидерланд«Рома»
Рис ДжеймсАнглия«Челси»
Майк МеньянФранция«Милан»
Тимо ВернерГермания«Лейпциг»
Поль ПогбаФранция«Ювентус»
Бен ЧилуэллАнглия«Челси»
Марко РойсГермания«Боруссия» Д
Преснель КимпембеФранцияПСЖ
Канте

Жартылай қорғаушы қиын жылды басынан өткеруде. Алдымен ол 2022/23 маусым аяқталғаннан кейін «Челсиден» кетеді деген қауесет тарады, өйткені лондондық клубтык басшылығы оған жаңа келісімшарт ұсынбапты. Одан кейін оның Әлем чемпионатында Франция құрамасына көмектеспейтіні белгілі болды, себебі ол сіңір жарақатына байланысты жасатқан отадан кем дегенде төрт айда айығады. Канте ұлттық құрамада 53 матч өткізіп, екі мәрте мергендігімен көзге түсіп, бір нәтижелі пас берді.

2018 жылы Ресейде өткен Әлем чемпионатында топ жарған француздар Катарда Австралия, Дания және Туниспен D тобында өнер көрсетеді.

Жота

«Ливерпуль» мен Португалия құрамасының вингері АПЛ 11-турының аясындағы «Манчестер Ситиге» қарсы өткен ойында алған бұлшықет жарақатына байланысты төрт жылдықтың басты додасына қатыспайды.

Жалпы алғанда, жартылай қорғаушы Португалия ұлттық құрамасының жейдесінде 28 матчқа қатысып, он гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді. Катардағы мундиальда Криштиану Роналду бастаған қграма Н тобында Гана, Уругвай және Оңтүстік Кореямен күш сынасады.

Тамыз айында Нидерланд құрамасының капитанының Әлем чемпионатына қатыспайтыны белгілі болды. Жазда оны «Рома» ПСЖ-дан жалға алды, бірақ италиялық команда үшін бірде-бір ресми матч өткізбестен жаттығуда аяғын сындырды. Вейналдум қараша айында оралуға мүмкіндік беретін отаны жасатудар бас тартты, енді тек қаңтарда жасыл алаңға шығуы мүмкін.

Нидерланд құрамасы 2022 жылғы Әлем чемпионатында Катар, Эквадор және Сенегалмен А тобында бақ сынайды. Джорджиньо ұлттық құрамада 86 матч ойнап, 26 гол соғып, тоғыз голдық пастың авторы атанды.

Джеймс

Джеймс Чемпиондар лигасындағы «Миланға» қарсы өткен матчта тізесін жарақаттап алды және кем дегенде екі ай жасыл алаңда көсіле алмайды. Әлеуметтік желілерде оның көрсетілген уақыттан ертерек оралуға мүмкіндігі бар екені айтылғанымен, Рис Англия құрамасының Катарға апаратын 26 ойыншыдан тұратын тізіміне енбеді. 22 жастағы футболшы Англия жейдесінде 15 матч өткізіп, үш мәрте нәтижелі пас берді.

Әлем чемпионатында Гарет Саутгейт шәкірттері В тобында АҚШ, Уэльс және Иранмен плей-офф кезіңінің жолдамасын сарапқа салады.

«Милан» қақпашысы жіліншік жарақатына байланысты 2023 жылдың қаңтарына дейін алаңға шықпайды. Осы себепті де Франция құрамасының нақты тізіміне енбеді.

Меньян 2020 жылы Франция құрамасындағы дебюттік матчын өткізді және Катардағы мундиаль мансабындағы алғашқы Әлем чемпионаты болуы мүмкін еді. 2022 жылы Италия чемпионатында топ жарып, «Алтын допқа» үміткер ойыншылардың үздік отыздығына енді. Ұлттық құрама жейдесінде бес ойын өткізді.

Вернер

«Лейпциг» пен Германия құрамасының шабуылшысы соңғы сәтте ғана қатардан шығып қалды. Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі «Шахтерға» қарсы ойында форвард ауыр жарақат алды. Ойыннан кейін дәрігерлер сол жақ тобық синдесмозының байламдарының зақымдануын анықтады. Осы себепті кем дегенде қаңтарға дейін жасыл алаңға шықпайды.

Тимо ұлттық құрама сапында 55 кездесу өткізіп, 24 гол соғып, алты нәтижелі пас берді. Немістер Е тобында Испания, Жапония және Коста-Рикамен күш сынсады.

Погба

Жартылай қорғаушы жазда жанжалмен «Манчестер Юнайтедтен» кетіп, ақыры «сүйіктісі» «Ювентусқа» оралды. Алайда ол туриндік командада бірде-бір матч ойнамады, өйткені ол тізесіне жасалған отадан кейін әлі толық қалпына келмеді. Погбаның уақытынан бұрын айығып, Катарға баратыны туралы да айтылды, бірақ алғаш болып агенті Рафаэла Пимента үлгермейтінін айтып, кейін мундиальға баратын 26 ойыншының қатарына енбеді.

Ұлттық команда үшін 29 жастағы дүлділ 91 матч өткізіп, 11 рет қарсылас қақпасын дәл көздеп, тоғыз нәтижелі пас берді.

Англия құрамасының тағы бір ойыншысы төрт жылдықтың басты турнирінде еліне көмектесе алмайды. 5 қарашада Чемпиондар лигасының матчында алған жарақаты ауыр екені белгілі болды, сол себепті ол жақын арада жасыл алаңға орала алмайды.

Бен Англия құрамасының жейдесінде 17 матч өткізіп, бір гол соғып, бес нәтижелі пас берді.

Ройс

Сәтсіздіктер легі «Боруссияның» капитанын қудалауын жалғастыруда. Ройс осыған дейін жарақатына байланысты 2014 жылғы Әлем чемпионатына, 2016 жылғы Еуропа чемпионатына, 2017 жылғы Конфедерация кубогіне және 2020 жылғы Еуро-ға барған жоқ. Катардағы турнир қарсаңында ол тағы да жарақат алып, мундиальға баратын ойыншылардың тізіміне енбей қалды.

Марко Германия құрамасының сапында 48 матч өткізіп, 15 гол соғып, 14 нәтижелі пас берді.

Франция құрамасы қорғаушысының Әлем чемпионатына бармайтыны соңғы сәтте ғана белгілі болды. Кимпембе Катарда атой салатын футболшылардың тізіміне іліккен еді. Алайда қырүйек айында алған жарақаты әлі толықтай жазылмағаны анықталып, орнына «Монаконың» ойыншысы Аксель Дисаси шақыртылды.

Преснель 10 қыркүйек пен 25 қазан аралығында алаңға шықпай, содан кейін ПСЖ жейдесінде үш кездесуге қатысты, бірақ ешқайсысында толық 90 минут өткізбеді. Кимпембе ұлттық құрама сапында 28 ойынға қатысқан.

Сонымен қатар төрт жылдықтың басты додасына жарақаттарына байланысты Ло Чельсо (Аргентина), Бруно Мартинс Инди (Нидерланд), Алекс Салемакерс (Бельгия), Тарик Тиссаудали (Марокко), Буна Сарр (Сенегал) және Артур Мело (Бразилия) сынды тағы да басқа ойыншылар қатыса алмайды.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!