ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Букмекер №1 в Казахстане
Лучшее приложение 2025*
Самый надежный букмекер
Онлайн-букмекер №1
Лучший букмекер 2025*
Новый казахстанский букмекер

«Астана» латвиялық баскетболшымен келісімшартты бұзды

Елордалық «Астана» баскетбол клубы латвиялық ойыншы Мартиньш Мейерспен екі жақты келісіммен еңбек келісімшартын бұзды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Мартиньш нұр-сұлтандық клубпен 2020 жылдың 1 қыркүйегінде келісімшартқа қол қойған еді. Осы аралықта Мейерс «Астана» жейдесінде 21 ойынға қатысқан. Соның 15 матчын ВТБ бірыңғай лигасында, алтауын ұлттық лигада өткізген. Әр кездесуде орта есеппен 11 ұпай еншілеп отырған.

Мартиньш «Астанадан» бөлек ресейлік «Енисей», черногориялық «Будучность» сынды тағы да басқа клубтарда тер төккен.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!