Мельбурнде өтіп жатқан Australian Open-2021 додасы жекелей сынының екінші айналымында қазақстандық Зарина Дияс (83) америкалық Бернарда Пераны (66) жеңіп, үшінші кезеңге өтті.
2 сағат 5 минутқа жалғасқан тартысты бәсекеде Зарина 14 брейкпойнттың үшеуін ғана іске асыра алды және қарсыластың бес брейкпойнтының үшеуінің бетін қайтарды. Осылайша Дияс 2020 жылы US Open-де кеткен есесін қайтарып, 1/16 финалға жолдама алды.
Үшінші кезеңде Диясқа испаниялық Гарбинье Мугуруса (14) мен ресейлік Людмила Самсонова (130) арасындағы кездесудің жеңімпазы қарсылас атанады.
Зарина Дияс (Қазақстан) – Бернарда Пера (АҚШ) – 2:1 (6:4, 3:6, 6:3).
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.











