ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Букмекер №1 в Казахстане
Лучшее приложение 2025*
Самый надежный букмекер
Онлайн-букмекер №1
Лучший букмекер 2025*
Новый казахстанский букмекер

Недовесов 2021 жылы трофей ұтқан алғашқы қазақстандық атанды

Қазақстандық Александр Недовесов Анталия челленджер турнирінің жұптық сынында жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Недовесов украиналық Денис Молчановпен бірге бір жарым сағатқа созылған финалда турнирдің 1-ракеткалары венесуэлалық Луис Давид Мартинес пен испаниялық Давид Вега Эрнандесті тізе бүктірді.

Осылайша Александр қазақстандықтар арасында жаңа жылда жеңіске жеткен алғашқы теннисші атанды. Сонымен қатар бұл оның челленджер турнирлерінің жұптық сынындағы 16-шы жеңісі. Түркиядағы турнирдің жүлде қоры 44 мың АҚШ долларын құрағанын да айта кеткеніміз жөн.

Александр Недовесов (Қазақстан), Денис Молчанов (Украина) – Луис Давид (Венесуэла), Давид Вега (Испания) – 3:6, 6:4, 18:16.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!