
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Australian Open ашық чемпионатындағы алғашқы жеңісіне жетті.
Тұңғыш кездесуде Зарина Словениядан келген Тамара Зиданшектен 6:2, 7:5 есебімен басым түсті. Ойын бір сағат жиырма екі минутқа созылды. Бұл Тамараның жерлесімізден екінші рет ұтылуы, осыдан екі жыл бұрын Зарина словениялық теннисшіні алғаш рет ұтқан еді.
Келесі айналымда Дияс америкалық Бернарда Перамен шеберлік байқасады.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.












